Атақты «Бурдж Халифа» мен Түркиядағы TOBB ғимараты Қазақстан туының түсіне боялды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында және Түркия астанасы - Анкарада биік ғимараттар Қазақстан Республикасы туының түсіне боялды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында Анкарадағы TOBB ғимаратындағы көріністі бөлісті.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты Түркияның елордасы Анкара қаласының төрінде TOBB ғимаратында бүгін көк байрағымыз желбіреді» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, БАӘ-дегі ҚР елшілігі әлемдегі ең биік ғимарат — «Бурдж Халифа» мемлекеттік туымыздың түсіне боялғанын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар