Атақты әнші Джон Леннонды өлтірген Марк Чепмен бостандыққа шықпайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк штатының комиссиясы атақты музыкант Джон Леннонды өлтірген Марк Чепменнің мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы өтінішін оныншы рет қабылдамай тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz сілтеме жасап.

Комиссия мүшелері оны босату қоғам қауіпсіздігіне қайшы келеді деген ұйғарымға келген. Үкімде Марк Чепмен бүкіл әлемге әйгілі адамды ешбір негізсіз, тек елге танылу үшін ғана өлтіргені айтылған. Сондай-ақ оны босатса, Чепменнің өзіне де қатер төнуі мүмкін. Себебі атын шығару мақсатында оны өлтіруге дайын адамдардың табыла қоюы ғажап емес. Енді Чепмен бостандыққа шығу өтінішін екі жыл өткеннен кейін ғана бере алады.

Еске сала кетсек, 1980 жылы ол Джон Ленноннан қолтаңба сұрап тұрып, 5 рет атып өлтірген. Сот барысында ол осы қылмысқа қоғамның назарын өзіне аудару үшін барғанын айтқан. 2000 жылдан бері Чепмен әр екі жыл сайын өзін босатуды өтініп жүр.

Соңғы жаңалықтар