Атақты әнші Андреа Бочелли Димаш Құдайбергенге батасын берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген танымал италиялық әнші, классика және кеңінен таралған музыкалардың орындаушысы Андреа Бочеллимен Бейжіңде кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Андреа Бочелли ағамызбен сахна сыртында көрістік. Ағамыз менің шығармашылығымды қолдап жүретіндігін айтып, батасын берді. Көргеніме қуаныштымын аңыз тұлға!», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

«Сенің қалай ән шырқайтыныңды естідім. Қатты таңғалдым, сенің дауысың керемет», - деді Андреа Бочелли қазақстандық әнші бөліскен видеода.

Айта кетейік, Бейжіңде бүгін Азия мәдениетінің карнавалы өтіп жатыр. Іс-шараға танымал қытайлық және әлемдік әншілер қатысып жатыр. Азия мәдениеті карнавалының ашылу салтанатында Димаш Құдайберген бірнеше әншімен бірге ән шырқайды.

Соңғы жаңалықтар