Атабасар қаласының көшелеріне Мұстафа Шоқай мен Қажымұқан Мұнайтпасұлының есімі берілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Атбасар қаласындағы 4 көшеге қазақтың танымал тарихи тұлғаларының есімі берілуі мүмкін. Бұл туралы Атбасар ауданы әкімі мен мәслихатының бірлескен қаулысы ашық талқыға шығаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«А. Островский көшесіне - Қайрат Рысқұлбеков, А. Матросов көшесіне - Қажымұқан Мұнайтпасұлы, Интернациональная көшесіне - Мұстафа Шоқай, Ирченко көшесіне - Әлімхан Ермеков және Урицкий көшесіне - Міржақып Дулатұлы есімі берілсін», - делінген қаулыда.

Құжат 26 тамызға дейін талқылауға шығарылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы 6 көше мен бір шағынауданның атауы өзгеретінін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар