Ата Заңымыз еліміздегі барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдеріне тең құқықты қамтамасыз етуде - Сергей Кулагин

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жергілікті БАҚ арқылы жерлестерін Конституция күнімен құттықтады.

Құттықтау мәтінінде: «Құрметті ақмолалықтар! Биылғы жылғы Конституция күнін біз Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамуындағы тарихи кезең деп атап өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында атап өткелі отырмыз.

Осындай мереке күні біз Мемлекет басшысы жүргізіп отырған сындарлы да салиқалы саясаттың арқасында өткен ғасырдың аяғында әлем картасында егемен елдің, ал, жалпыәлемдік саясатта «қазақстандық даму жолы» деген жаңа ұғым пайда болғанын ерекше бір қуанышпен сезінеміз.

Жалпыхалықтық референдумда республика азаматтарының өз еріктерімен қабылдаған Ата Заңымыз қоғамымыздың қарқынды дамуы үшін жағдай жасап, Отанымызда тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдеріне тең құқықты қамтамасыз етті.

Біздің Конституциямыз Қазақстанның әлемнің мейлінше дамыған отыз елінің қатарына кіруі жөніндегі тарихи мақсаттары мен 2050 Стратегиясы міндеттерін жүзеге асырудың берік негізі болып табылады. Негізгі Заңның ережелеріне сүйене отырып, біз қоғамда бейбітшілік пен тыныштықты нығайтуға, тұлғаның шығармашылық, зияткерлік және кәсіби әлеуетін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасауға, әр адамның әл-ауқатын қамтамасыз етуге ұмтыламыз.

Мемлекет басшысы бүгінгі таңда ауқымды мемлекеттік бағдарламаларды, ең алдымен, индустриалды-инновациялық даму және жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру жөнінде маңызды міндеттер қойып отыр.

Осыны айқын сезінген ақмолалықтар ауыл шаруашылығын әртараптандыру есебінен Астананың айналасында сенімді азық-түлік белдеуін құру жөніндегі Елбасының тапсырмасын бұлжытпай орындап, Президенттің бастамасынан бастау алған кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті дамыту жөніндегі және басқа да бағдарламаларды орындау жолында еселі еңбек етуде.

Ұлт Көшбасшысы қойған міндеттерге сәйкес Щучинск-Бурабай демалыс аймағы қарқынды дамуда. Облыс орталығы мен шағын қалалардың сәулеткерлік келбеті жақсарып, жолдар жөнделуде және аулалар мен көшелер көркейтілуде.

Әлеуметтік әріптестік негізінде ауылдардың жаңғыруы үшін жағдайлар жасалып, әлеуметтік инфрақұрылым жақсартылуда. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен спорт салаларының дамуына зор көңіл бөлінуде. Өңірімізде жаңа мектептер мен ауруханалар бой көтеріп, мектепке дейінгі мекемелер желісі кеңейтілуде

Қымбатты жерлестер!

Сіздер еліміздің әрі қарай дамуы үшін лайықты үлес қосып келесіздер. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, жақсылық, еңбектеріңізге табыс және тәуелсіз Қазақстанымыздың игілігіі үшін  жаңа биіктерді бағындыра берулеріңізге тілектеспін.

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин», - деп көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар