Ата-анасы ұйықтап жатқанда кетіп қалған: ШҚО-да жоғалған бала табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында полиция қызметкерлері жоғалған баланы тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, учаскелік полиция инспекторы патрульдеу кезінде жалғыз жүрген 9-10 жас шамасындағы баланы байқап қалады. Ол Алтай қаласындағы Панфилов көшесі бойындағы соңғы аялдамада тұрған.

Тәртіп сақшысы баланың кім екенін және ата-анасының орналасқан жерін анықтауға тырысты. Бірақ балақай оның сұрақтарына жауап бермеген. Сөйтсе ол диспансерде есепте тұрған бала болып шықты.

«Қалалық психологиялық-неврологиялық диспансеріне жүгіну нәтижесінде кәмелет жасына толмаған баланың жеке басы, тұрғылықты мекенжайы және ата-анасының деректері анықталды. Сонымен қатар баланы медицина қызметкерлері қарап, оның өміріне ештеңе қауіп төніп тұрмағандығын айтты», - делінген ақпаратта.

Кейіннен белгілі болғандай, үйде ұйықтап жатқан ата-анасы ұлдарының сыртқа қалай шығып кеткенін байқамай да қалған. Полиция қызметкерінің арқасында аман-есен үйіне қайтарылған баланың анасы тәртіп сақшыларына алғыс айтты.


Соңғы жаңалықтар