Ата-анасы ішкілікке салынған балалардың тағдыры полицейлерді алаңдатты - Алматы (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы ата-анасы ішкілікке салынған балалардың тағдырына алаңдаулы. Бүгін Алатау ауданында арнайы комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс барысында комиссия мүшелері Сергей, Руслан есімді балалардың отбасылық жағдайын талқылады. «9 жасар Сергей ішкілікке салынған анасымен тұрады. Анасы осыған дейін де бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бала ішер ас, киер киімге жарымай келеді. Сабағына да сирек барады. Мұндай арсыз өмір баланың тәрбиесіне кері әсер етіп отыр», - деді Алатау ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Маржан Балбаева. Сондай-ақ, аудандық ішкі істер басқармасының өкілдері Сергейдің жақында мас туысқаны баланың көзінше әкесін өлтіргенін хабарлады. Тәртіп сақшылары Сергейге бұл отбасында тұру өте қауіп төндіріп отырғанын жеткізді. Комиссия өкілдерінің шешімімен 9 жасар Сергей кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығына уақытша жіберілетін болды. Құзырлы орган өкілдері, сондай-ақ, 8 жасар Русланның өміріне де алаңдаулы. Жеткіншек әкесі мен оның туыстарының тәрбиесінде өсіп келеді. Онымен қатар бұл үйде мектеп жасындағы тағы екі бала бар екендгі анықталды. Балалар мектепке бармаған. Ешқайсысының құжаты табылмады. «Қазір білім беру мекемелерінің араласуымен олардың құжаты қалыпқа келтіріліп мектепке орналастырылды. Балалардың анасы іздсетрілуде», - деді Алатау ауданы ІІБ әкімшілік полициясының ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Тана Тұрсынова.

Соңғы жаңалықтар