Ата-анасы ажырасқан кішкентай Әзканың суреті қоғамға үлкен ой салды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Алтайда ұлттық  қолөнер шеберлерінің бәсекесі өтті - «Ағажай-Алтай»

 

Шыңжаңның Алтай аймағына қарасты Жеменей ауданында, ұлттық қолөнер бұйымдарын жасайтын шеберлер арасында сайыс өтті. Бұл туралы «Ағажай-Алтай» порталы хабарлады.

 


Ежелден келе жатқан ұлттық салт-дәстүрімізбен біте қайнасқан қолөнер бұйымдарымызды қайта жаңғыртып, жаңа заманға бейімдеу мақсатында өткізілген бәсекеде он саусағынан өнер тамған шеберлер өз еңбектерін ортаға салды.

null

«Бұл шеберлер тойында бабалар өнерін жалғаған ісмерлер ұлтымыздың кестешілік өнері, түскигіз, оюлы сырмақ, киіз үй жабдықтары, сонымен бірге түрлі ағаш, мүйір оймаларын әкеліп бақтарын сынады. Әжелеріміз көрермендерге ұршық иіру, жіп есу шеберліктерін көрсетті» деп жазады дереккөз.  

Жарыс соңында өнерімен озып шыққандар түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталды.

null

Ыстанбұлда Ғылым орталығы құрылады - TRT

null

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстанбұлдың Халич аймағында Ғылым орталығының құрылатынын айтты, деп хабарлайды Түркия Телевизия және Радио порталы.

Президент Ердоған туиттердегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде «Ыстанбұлдың Халич аймағында Ғылым орталығын құрамыз. Адам және мәдениетке негізделген Ғылым орталығына жылына 2 миллион адам келеді, ғылымға үлес қосылады» деп жазған. 

Ел Президентінің айтуынша жоба үш жыл жалғасады, 8 мың шаршы метрлік алаңда қамтитын нысанның бюджеті 100 миллион түрік лирасымен жүзеге асырылмақ.

 

Баян-Өлгийде үздік 14 стартап жоба іріктелді -  KAZNEWS

«Монғолияда жүлде қоры 10 миллион төгрөг тұратын «Startup Mongolia» (1 миллион 400 мың теңге) стартап жобалар байқауының екінші маусымы басталды» деп жазадыKAZNEWS ақпараттық сайты.

15 маусымда басталған байқауға Баян-Өлгий аймағынан 52 жоба қатысып жатыр. Бірінші кезеңде байқау комиссиясының мүшелері 14 ең қызықты бизнес-жобасын таңдап алып, олардың кәсіпкерлік құзыретін арттыруына бағытталған бизнес-тренингтер өткізуде.

Дереккөздің мәліметінше, екінші кезеңде үздік деп танылған 3 жобаға бизнес-жоспарын әзірлеуге кәсіби менторлар тарапынан қолдау көрсетіледі.

Айта кетейік, «Startup Mongolia» қауымдастығының негізгі бағыттарының бірі - кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және жастар кәсіпкерлігін дамыту.

 

Әке-шешесі ажырасқан баланың салған суреті қоғамға үлкен ой салды -  Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)

Қытайдың «Орталық халық радиосының» сайтында индонезиялықӘзка есімді баланың «Шайқалған шаңырақтың әңгімесі» атты әжуа суреті жарияланды. Ол осы арқылы әке-шешесі некеден ажырасқаннан кейінгі өз өмірін баяндаған.

Көптеген балалар үшін әке-шешесінің ажырасуы үлкен соққы болып тиеді. Кейінгі өмірінде сүйіспеншілікке ие бола алмайтындай торығу, жабығу жағдайларында болады. Ал Әзканың басынан өткен жағдай мүлде басқаша секілді. Ол осы суреті арқылы ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншілік азайып, жалғасты бір үйдің түтінін түтету мүмкін болмағанымен, олардың перзентіне деген махаббаты солғындамайтынын, керісінше арта түсетінін жеткізген.

Мүмкін бұл әңгіме ата-аналар жүрегіне үлкен ой салар, ендеше Әзканың «әңгімесіне» құлақ түріңіздер.

null

Менің атым Әзкә, төменде сіздер шайқалған шаңырақтың әңгімесіне ортақтасатын боласыздар

Әкем алғаш шешеме кездесіп, бір-бірін ұнатыпты. Олар бір сүйкімді баламыз болса деп тілепті.  

 

null

 

Сонымен, 2006 жылы 4 маусым күні мен өмірге келіп, олар маған Әзкә деп ат қойыпты.

null

 

Біздің үлкен баспанамыз болған. Дәл мен алты жасқа келгенше бәрі ерекше көркем еді.

 

null

 

Кейін әкем мен шешем түрлі ұсақ-түйек шаруалар үшін келіспейтін, отбасымыздан ұрыс-керіс үзілмейтін болып, соңында некеден ажырасамыз деп шешті.

 

null

 

Олар маған істің мән-жайын түсіндіріп, алаңдамауды кіммен бірге болу керектігі жөнінде  бас ауыртпауымды айтты.

null

 

 

Мен баяғы үйімізде әкеммен бірге қалдым. Бір қызығы әкем бұрынғыдан бетер маған жақын болып, аялайтын, еркелетіп, маған көп уақыт бөліп, қасымда болатын болды.

 

null

 

Шешем де бізге жақын жерде тұрды. Мені әр күні келіп көріп тұратын.

 

null

 

Олар ендігәрі ерегеспейтін, ұрыспайтын болды. Әуелі біз бірлікте базарға баратын, бірге шетелге демалуға баратын болдық.

null

Мен әлі әкеммен бірге ұйықтаймын. Өйткені тірі өліктерден ерекше қорқамын. Әкем қайратты адам, қасымда болса ештеңеден қорықпаймын.

null

Шешем үнемі келіп, қал-жағдайымды біліп, қарайласып тұрады.

null

 

Басқалар менен  кемелсіз отбасында өсудің қиындығы туралы сұрайды.

null

Шынын айтқанда, біздің шаңырақ шайқалған жоқ. Олар қазіргі күндері ерлі- зайыптылар болмағанымен, әлі баяғыдай менің әке-шешем.

null

 

Маған бұл тұрмыс ұнады. Олардың ұрыс-керіссіз жүргені қуантады

null

 

Олардың қайта қосылуын да қаламаймын. Себебі, барлығының көңілді жүргенін қалаймын.

 

null

Әкем мен анамның мейірімін бірдей сезіне кезде біздің шаңырағымыздың шайқалмағанын сеземін.

 

null

Анашым, сізді сүйемін

 

null

Әке, сізді де сүйемін

 

null

 

Мен өте көңілдімін

null

Сіздер мен үшін әлі сол баяғыдай ең жақсы ата-анасыздар.

***

Қазақ Радиолары мен Түркия Үні радиосы арасындағы ынтымақтастық арта түсті - TRT

null

«Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры Мәди Манатбек Түркия Үні радиосымен өзара мәдени, өнер және спорт жаңалықтарымен бөлісу жөнінде ынтымақтастық орнатқанын айтты, деп хабарлады Түркия Телевизия және Радио порталы. 

Мәди Манатбек Түркия мен Қазақстан арасында көптеген телевизиялық ынтымақтастықтарға көңіл бөлінгенін, радио саласындағы серіктестіктердің олқы қалғанына назар аударып,  соңғы жылдары радиолар арасындағы қатынастарды жетілдіру үшін бірқатар шаралар атқарғанын, алдағы уақытта да бірсыпыра кездесу жоспарланғанын жеткізген.

«Түркия Үні радиосымен өзара мәдениет,  өнер және спорт жаңалықтарымен бөлісуге келістік.  Қазірге дейін екінші бағдарламамыз жарияланды. Түркия Үні радиосы біз үшін «Анадолы тынысы» атты мәдени бағдарлама дайындайды.  Жаңалықтар өте сапалы,  қазақ тыңдармандарының көңілінен шықты», - дейді Мәди Манатбек.

Сонымен бірге ол, қазақ радиолары қызметкерлерін тәжірибе бөлісу мақсатында жыл сайын Түркияға жіберіп тұру тақырыбында да келісімге келгенін тілге тиек еткен.

«Техникалық қызметкерлер,  тілші және басқарушы қызметкерлерге оқу семинарлары өткізіледі.  Семинарлар барысында біздің қызметкерлеріміздің түрік әріптестерімен бөлісетіндері мол болатынына сенемін», дейді «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры.

***

«Ажал теңізін» кесіп өткен тас жол - Тянь-Шань порталы
null

Шыңжаңның Такламакан шөлі - әлемде екінші орын алатын ең үлкен көшпелі құмды шөлдердің бірі. 1995 жылы тұңғыш рет Такламакан шөлін кесіп өтетін тас жол салынды. Бұл құмды шөлді ендей өткен ең үлкен жолдардың бірі болды. Ұзындығы - 552 километр.

Осылайша «ажал теңізі» аталып кеткен құмды шөлді ауыздықтаған қытайлық инженерлер 2008 жылы Такламакан шөліндегі екінші тас жолды салып, құмды шөлдің батыс бөлігін ендей өтіп, солтүстік  Арал қаласынан Хотан аймағын бір-бірімен тұсастырды.  Қытайдың Тянь-Шань порталында «Ажал теңізін» кесіп өткен тас жол» атты фоторепортаж жарияланды.

 «Алда Такламакан шөлінің батыс солтүстігіндегі Ақсу аймағы мен батыс оңтүстігіндегі Хотан аймағын жалғастырады. Бұл жолдар құмды шөлді үшке бөліп, солтүстік Шыңжаң мен оңтүстік Шыңжаң арасындағы  жолды 500 километрге дейін қысқартады», деп жазады дереккөз.
nullnull

 

Соңғы жаңалықтар