Ата-ананың қолы босамай жатқанда балалары суға батып жатыр: ШҚО-да биыл 6 бала суға кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 6 бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар су айдындарында ересектердің қарауынсыз қалған балалардың жиі суға кетіп жатқанына алаңдауда.

- Шомылу маусымы басталғалы бері өңірдегі су айдындарында 3 бала суға батқан. Ал жыл басынан 6 бала суға кетті. Күн сайын департамент қызметкерлері облыстың барлық су айдындарын патрульдейді. Рейдтерге полиция қызметкерлері және еріктілер қатысуда. Бірақ соған қарамастан балалардың тілсіз жаудан көз жұмуы азаймай тұр. Ересектердің қарауынсыз қалған балалар суға батуда, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өткен шомылу маусымында суда 8 бала қайтыс болған. Құтқарушылар мен полицейлер патрульдеу кезінде ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар