+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Ата-анаң қанша табыс табады - Мектеп оқулығынан ерекше «тапсырма» анықталды

2019 жылғы 22 қазан 17:44
Бөлісіңіз:
Ата-анаң қанша табыс табады - Мектеп оқулығынан ерекше «тапсырма» анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Boris Sartayev есімді Facebook қолданушысы отбасылық бюджетке талдау жүргізу туралы оқушы қызына берілген тапсырмаға шүйлігіп, жазба қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның жазуынша, оқулықтағы тапсырмада оқушыларға әкесі мен анасының табысын жазып келу талап етілген.

«Мына қызықты көріп, таң-тамаша қалып отырмын. Қызым келіп, әлемді тану (ондай пән төртінші сыныпта бар) бойынша тапсырмаға көмектесіп жіберуімді өтінді. Ұқпаған тұсын сұрады (...). Оқулықты жасаушылар, сіздер түнде салық органдарында жұмыс істеп жүрген жоқсыздар ма? Мына сұрақтың сиқын қараңдар! Отбасылық табысты балалар арқылы біліп алу жөн деп отырсыңдар ма?» - деп жазады ашулы әке.


Әлеуметтік желі қолданушысы оқулықтағы тапсырманы құпия қызметтің жұмысымен салыстырады.

«Мен мұндай оқулықтар мен тапсырмаларға қарсымын! Әлбетте, табысты жасыру керек деген пайым-пікірге сүйеніп отырған жоқпын. Бұл заңсыз», - деді ол.

Еске сала кетсек, кеше Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқулық даярлау, талдау шараларына сын айтылып жатқанын мойындаған еді. Осы мәселелерді шешу үшін қазіргі уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігі оқулық сапасын жақсарту және сараптау тетігін жаңарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ авторлар мен сарапшыларды оқыту, оқулықтарға «жасырын» шолу жасау, сарапшыларды сертификаттау ұйымдастырылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Білім, Оқиға, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT