USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Ата-анам ұрып-соғады: Өскеменде оқушы қыз сабаққа бармау үшін өтірік айтқан

2021 жылғы 19 қазан 13:49
Бөлісіңіз:
Ата-анам ұрып-соғады: Өскеменде оқушы қыз сабаққа бармау үшін өтірік айтқан

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 12 жастағы оқушы сабаққа бармау үшін жалған арыз түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда мектеп оқушылары тұрғын үй терезесіне оқ атқан Алматыдағы барлық балабақша штаттық режимде жұмыс істеп тұр Ақмолалық оқушылар электронды мемлекеттік қызметтерді алуға үйренеді

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 18 қазанда «102» жедел арнасына шұғыл қызмет психологы 12 жасар қыздың хабарласқаны туралы айтты. Жеткіншек өз сөзінде ата-анасының оны және апайын ұрып-соғатыны туралы жеткізген.

«Аталған фактіге орай полиция қызметкерлері тексеру жүргізді. Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған бала мектепке бармау үшін осы оқиғаны ойлап тапқан. Жеткіншектің анасы оны қосымша сабақтарға жазған, ал оқушы қыз оған қатысқысы келмеген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар баламен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT