+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Ата-аналар жетіспейтін кітаптарды сатып алуы тиіс – Алматы әкімдігі

2019 жылғы 11 қыркүйек 17:00
Бөлісіңіз:
Ата-аналар жетіспейтін кітаптарды сатып алуы тиіс – Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова мектеп оқулықтарының тапшылығына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқулықтар есептелген контингентке сатылып алынады. Алматыда 244 мың оқушы бар. Биыл оқушылар саны тағы 17 мыңға артты. Біз мұны алдын ала жоспарлай алмаймыз. Яғни, балалардың кейбіріне жетпеуі мүмкін. Онда ата-аналар өздері сатып алуы керек. Бір жағынан олардың да жауапкершілігі болуы тиіс. 1-2 кітап сатып алса, ештеңе етпейді»,- деді Басқарма басшысы.

Оның айтуынша, жылда Алматыдағы оқушылар саны 10 пайызға артады деген болжаммен есеп жүргізіледі.

Биылдың өзінде оқушылардың саны 261 013 жетті. Тағы да 30 мыңға жуық оқушы орны тапшы болып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Білім, Әкімдік, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT