+7 (701) 759 90 19
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Ата-аналар мен мұғалімдер білім вице-министрлеріне тікелей шағымдана алады

2019 жылғы 28 тамыз 18:28
Бөлісіңіз:
Ата-аналар мен мұғалімдер білім вице-министрлеріне тікелей шағымдана алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Асхат Аймағамбетов орынбасарларының Facebook-тегі парақшаларын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, халықпен тиімді жұмыс жүргізуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев «еститін мемлекет» тұжырымдамасына көшу қажеттігін ерекше атап өткен болатын. Шын мәнінде, тұрғындар үшін қолжетімді болу – басшының ең басты міндеттерінің бірі болып саналады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі - мемлекеттік орган мен басшының ашықтығын қамтамасыз ету деп айтсақ, бүгінгі таңда аталған бағытта айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде», - деп жазды Білім министрі Facebook-тегі парақшасында.

Ең алдымен министр бүгінде қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша азаматтардың пікірі ескеріліп, оңтайлы шешімдер қабылданып жатқанын атап өтеді. Осы ретте, ашықтық қағидаты аясында ҚР БҒМ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына немесе министрліктің қызметкерлеріне білім және ғылым саласына қатысты тікелей сауал жолдауға болатындығын қаперге салады.

«Білім және ғылым вице-министрлерінің Фейсбуктегі парақшалары да Сіздер үшін әрдайым ашық және қолжетімді. Фатима Надырқызы Жақыпова - Білім және ғылым вице-министрі, Бибігүл Амангелдіқызы Асылова – Білім және ғылым вице-министрі, Рүстем Айдарбекұлы Биғари – Білім және ғылым вице-министрі.

Екіншіден, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде (87172) 742411 нөмірі бойынша call-орталық халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, өңірлердегі білім басқармалары басшыларының Facebook-тегі аккаунттары мен білім басқармаларының call-орталықтары да тұрғындар үшін қолжетімді», - деді ол.

Асхат Аймағамбетовтің атап өтуінше, үшіншіден, жұмыстың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында жуырда ҚР БҒМ-ға қарасты фронт-офис іске қосылады. Көзделген басты мақсат - білім саласына қатысты келіп түсетін сұрақтарға мардымды жауаптар қайтарып, күрмеуі қиын мәселелердің шешілуіне үлес қосу.

«Төртіншіден, өңірлердегі білім беру басқармаларына БАҚ тарапынан келіп түсетін сауалдарға уақытылы жауап беріп, білім беру тақырыбын кеңінен жариялайтын баспасөз қызметін құру тапсырылды. Жалпы көздеген мақсатымыз – халыққа қызмет көрсету барысында жеке және әкімшілік кедергілерді жою. Себебі, азаматтарға ыңғайлы жағдай жасау және ашық жұмыс жүргізу өте маңызды», - деді министр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT