Ата-аналар мектепте баласының қандай тамақ ішкенін біліп отырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда мектептеріндегі асханаларда оқушылар тағамды қолма-қол ақшасыз, балама төлем арқылы ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин баспасөз мәслихатында мәлім етті. Оның айтуынша, қолма-қол ақшасыз төлем асханалардағы ұзын-сонар кезекке қатысты мәселені шешеді.

Пилоттық жоба осыдан бірнеше апта бұрын қаладағы № 27, 54, 59 мектепте енгізілген. Аталмыш жобаны басқа мектептерге енгізу мәселесі екінші тоқсанда шешіледі.

«Біз бұл тәсілді LRT карталары арқылы жүзеге асырып жатырмыз. Astra Plat карталарындағы бірлікті ата-аналар терминал немесе онлайн жүйе арқылы толтырады. Міне, осылайша, ата-аналар балаларының қанша ақшаны қайда жұмсап отырғанын бақылай алады. Картадан бірлік жұмсалған кезде ата-аналарға хабарлама келеді. Бұл ата-аналар мен оқушылар үшін де, мектеп үшін де аса ыңғайлы», - дейді басқарма басшысы.

Білім басқармасынан мәліметінше, жаңа оқу жылынан бастап елордадағы 85 мектепте тамақтандыру желісі іске қосылған. Тегін ыстық тамақ 5-11 сынып аралығындағы 76 мың оқушы мен 1,2 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына берілуде. Бір рет берілетін тағамның бағасы 338 теңге. Демеушілердің есебінен 620 балаға тегін тамақ беріліп келеді. 

Соңғы жаңалықтар