Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар шығармашылығының І республикалық фестивалі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 28-30 маусым күндері Қазмедиа орталығында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында «Бүгіннің баласы - болашақтың данасы» атты ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар шығармашылығының І республикалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат фестивальдің баспасөз хатшысына сілтемемен. 

Шараны ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, «Актив лайф» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі және Бахытжан Тажиновтың Шығармашылық шеберханасы.

Фестиваль Астана қаласындағы және Қазақстан Республикасының басқа да өңірлеріндегі балалар үйінің 7 жастан 18 жасқа дейінгі тәрбиеленушілерін қатысуға шақырады.

Мәдени шара күндері іс-шара қатысушылары мен қонақтарына шығармашылықтың әртүрлі бағытындағы атақты мамандардың шеберлік сабақтары мен семинарлары өткізілетін болады.

Фестивальдің байқаулық бағдарламасы бірнеше номинация бойынша жүргізілетін болады: Эстрадалық вокал - патриоттық әндерді орындау, заманауи ұлттық киімдер дизайны, көркем сөз - туған жер туралы шығарманы орындау, халықтық қолөнер - Ұлы дала шебері,  фотосурет өнері - менің заманымдағы батырлар, хореография - қазақтың ұлттық биі.

Байқау күндерінің қорытындысы бойынша кәсіби әділ қазылар алқасы иелерін әр номинация бойынша үш жүлделі орынның лауреаттарын  және Гран-при иегерін таңдап алады.Фестивальдың ашылуы 28 маусым күні 17.00-де, салтанатты марапаттау рәсімі 30 маусым күні 18.00-де өтеді.

30 маусым күні еліміздің ең үлкен телеорталығы - «Қазмедиа Орталығында» қазақстандық эстрада жұлдыздарының, үздік хореографиялық және орындаушылық ұжым мен «Бүгіннің баласы - болашақтың данасы» атты алғашқы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар шығармашылық республикалық фестивалі жеңімпаздарының қатысуымен гала-концерт өткізіледі. 

Айта кетейік, «ҚазАқпарат» ХАА - фестивальдің ақпараттық әріптесі.
nullnullnull

Соңғы жаңалықтар