Асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақыны көтеру туралы Үкімет қаулысы шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтiк төлемдердің мөлшерлерін 2023 жылғы 1 шілдеден бастап арттыру туралы» Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2023 жылғы 1 шілдеден бастап беріліп отырған әлеуметтік төлемдер мөлшерінен 14,5 пайызға арттыру жүргізілсін», - делінген Үкімет басшысы қол қойған қаулыда.

Еске салйық, 29 наурызда VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 1 қыркүйектен бастап асыраушысынан айырылған азаматтардың жәрдемақысын 14,5% арттыруды тапсырған болатын.

Араға бір күн салып, Президент тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Үкімет қаулысының жобасын әзірлеп, көпшілік талқыға шығарды.


Соңғы жаңалықтар