+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Асылжан Мамытбеков жаңа қызметке тағайындалды

2018 жылғы 30 қаңтар 13:04
Бөлісіңіз:
Асылжан Мамытбеков жаңа қызметке тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстанның ет одағы төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол Қазақстанның ет одағының төрағасы болып тағайындалғаны туралы ақпарат бар. Біз қазіргі кезде барлық салалық одақтармен әрі бірлестіктермен тығыз жұмыстарды бастадық. Осы олрайда олармен бірлесе, салада қордаланған мәселелерді шешуге тырысудамыз», - деді Арман Евниев.

Оның сөзіне қарағанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі жобалық кеңсені немесе ашық алаңды құруда. Оған сарапшылар мен бизнесмендер тартылады.

«Оның ішінде Асылжан Сарыбайұлы да бізге көмектесуде, бұл ретте ол өзінің кеңестерін береді», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Асылжан Мамытбеков министр лауазымында 2011 жылдың сәуірінен 2016 жылдың мамыры аралығында болды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2017 жылғы желтоқсанның аяғында А. Мамытбеков «Астана Банкі» АҚ директорлар кеңесінен кеткендігі хабарланған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT