Асылжан Мамытбеков шаруашылықтардың неге бірігу керектігін түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Алматы мен Алматы облысының фермерлеріне 2016 жылдың қаңтарына бастап күшіне енетін «Ауыла шаруашылығы кооперациялары» заңнамасына енетін өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып берді.

«Жаңа заңнама арқылы өзіндік құнын бұрмалайтын субсидияларды азайтып, жалпы сипаттағы субсидияны ұлғайту көзделіп отыр. Ол кәсіпкерлердің техниканы жаңартуға, жаңа технологияларды ендіруге қол жетімділігін арттырады. Бізге фермерлерді заң жағынан бірігуін емес, экономикалық бірігу жағын ойластыру керек. Ауыл, аудан әкімдері «бірігіп іріленіңдер, жеке госактілеріңнен айрылыңдар, колхоз болыңдар» дегенді қоюымыз керек. Шаруа кіші болсын, орта болсын қала береді. Тек өзінің тұтыну қажеттілігін, өндірістік қажеттілігін бірігіп шешу мүмкіндігіне ие болады. Бұрын егер кооператив боп біріксе, өз пайдасын ала алмайтын, салық көп төлеуге мәжбүр болатын. Қазір бұл қиыншылықтардың бәрі жоқ. Жүйелі проблемалар заң жүзінде алынып тастады. Фермерлер экономикалық бірігудің өздеріне тиімді екендігін түсінуі керек», - деді Асылжан Мамытбеков. Елбасының тапсырмасына сәйкес, ҚР АШМ ғылыми ұйымдар қызметтеріне бизнес-ассоциациялардың шығындарын субсидиялау тетігін әзірледі. Министрлік енді ғылыми жұмыстарға қатысатын бизнеске субсидия бөлуді жоспарлап отыр. Бұл механизм қазір жетілдірілуде. Оны жүзеге асыру үшін заңға өзгеріс енгізу қажет. Қызметтің бұл түрін 2017 жылдан бастап енгізу жоспарда бар. Сондай-ақ, министр диқандардың несиесін жаба алмай тұқымдық дәндерін сатып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды. «Биыл Қазақстан 19 млн тонна астық жинады. Банктер біраз жылдан бері ауыл шаруашылығы кредиттерін қысқартып жатыр. Мемлекеттік қаржы институттарынан қаржыландырып отыр. Тұқымдық дәндерін сатып, кредитін өтеп жатыр деген ақпарат дұрыс емес. Астыққа ішкі нарықтағы сұраныс 6 млн болса, экспортқа 7 млн тонна шығарылады. Қазақстан биыл 2 млн тонна астық экспорттады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар