Асылжан Мамытбеков қызметінен кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков «Астана Банкі» АҚ директорлар кеңесінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE -ге  сілтеме жасап. 

20 желтоқсан күні өткен банк директорлары кеңесінің отырысында Асылжан Мамытбековтың банк директорлар кеңесінің мүшесі және тәуелсіз директор өкілеттігін өз еркімен мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші қаралған.

Еске сала кетсек , 2016 жылдың мамыр айында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Жер кодексі жөніндегі жұмыста өз міндетін тиісінше атқара алмағаны үшін отставкаға кетті. 

Сол жылдың маусым айында Асылжан Мамытбеков Астана банкінің тәуелсіз директоры болып сайланды . 

Соңғы жаңалықтар