Асылова: Психологиялық-педагогикалық жүйе мониторингінің бірыңғай бағдарламасы әзірленуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде Психологиялық-педагогикалық жүйе мониторингінің бірыңғай бағдарламасы әзірленуде. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында Психология, тәрбиелеу және тұлғаны дамыту орталығын құрды. Орталықтың қызметі өңірлердің психологиялық қызметтеріне жетекшілік ететін барлық оқу-әдістемелік орталықтарды үйлестіруге, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагог-психологтерін әдістемелік қамтамасыз етуге бағытталған», - делінген вице-министр жауабында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта министрлік аталған орталықпен бірлесіп, өңірлік оқу-әдістемелік орталықтар мен психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

«Сондай-ақ өңірлерде іс жүзінде іске асыру үшін Психологиялық-педагогикалық жүйенің мониторингі бойынша бірыңғай бағдарлама әзірленуде», - деді Б.Асылова.

Бұған дейін, Білім және ғылым вице-министрі еліміздің жалпы білім беретін мектептеріне 6 900-ден астам педагог-психолог жетіспейтіндігін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар