Асылбек Нұғманов Абай облыстық көлік басқармасының басшысы болды

Фото:
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Асылбек Нұғманов Абай облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа басшыны Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев аппарат кеңесінде таныстырды.

Асылбек Мұратұлы БҚО Аңқаты ауылында дүниеге келген.

2000 жылы университетті инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді. Әр жылдары Ақмола автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесінің эксплуатация және қабылдау жұмысы бөлімінде жетекші маман, кейін осы ведомствода сапаны бақылау бөлімінің, экономикалық жұмыс және тендерлер бөлімінің жетекші маманы м.а. болып тағайындалды.

2005 жылы - «Спецдорстрой» ЖШС жобаларды басқару бөлімінің инженері. Сол жылы «Road Development» ЖШС бас инженері.

2007-2014 жылдары - «ИРМАСТ-А» ЖШС директоры. 2017 жылы - «Теміржол жөндеуі» ЖШС автожолдар құрылысы басқармасының жоба жетекшісі.

2018-2022 жылдары - «ҚазАвтоЖол» КЕАҚ бірінші санатты менеджері болды.


Соңғы жаңалықтар