Асыл тұқымды малды өзімізде өсіруді қолға алуымыз керек - Елбасы

None
None
ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Асыл тұқымды малды өзімізде өсіруді қолға алуымыз керек. Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Форум барысында Президент Батыс Қазақстан облысындағы мал бордақылау кешені жөнінде баяндаған «Кроун-Батыс» компаниясының басшысы Берік Қабитханұлын тыңдай келе, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қатысты өз пікірін білдірді.

«Бір кездері Батыс Қазақстан ірі қара мал өсірудің, әсіресе, ет өндіретін облыс орталығы болып келген. Бірақ, сол кездегі асыл тұқымды малдың өзі тұқымынан ажырап кетті. Соны қалпына келтіру үшін мемлекеттен қыруар ақша шығарып отырмыз. Бұл несие қайтарылуы керек. Екіншіден, біз қазіргі күні асыл тұқымды малды сырттан әкеліп жатырмыз. Бірақ бұл ұзаққа созылмайды. Дегенмен, қымбат бағамен мал әкелуден басқа амал жоқ. Егер оларды әкелмесек, экспортқа ет шығаруды 10-20 жылға шегеретін едік. Дегенмен, асыл тұқымды малдарды өз елімізде өсіруді қолға алу керек. Бұл ретте өзіміздің ғалымдарымыздың жаңалықтарын пайдалануға тиіспіз», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар