Асыл тұқымды мал сатып алмақ болған шаруа алаяққа алданды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік тұрғын асыл тұқымды мал сатып алу үшін 60 миллион теңгеден астам қаржысын бейтаныс адамға ұстатып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция қызметкерлері қарағандылық күдіктіні қолға түсірді. Ол Ресейден асыл тұқымды ірі қара сатып алып беруге уәде беріп, ақтөбелікті алдап кетті. 28 жастағы ақтөбеліктің сеніміне кіріп, 67 миллион теңгеден астам қаржысын иемденген.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да алаяқтық іске қатысының бар-жоғын анықтап жатыр. ҚР ҚК «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция мұндай деректі күн сайын тіркейді. Қазіргі уақытта келіп түскен барлық өтініш тіркеліп, олар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Ақтөбе облысының полиция департаменті азаматтардан сақ болуды сұрайды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар