«Асыл мұра» аясында тарихи ескерткіштер туралы кітап жарық көреді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алдағы екі жылда «Асыл мұра» бағдарламасының аясында тарихи және мәдени ескерткіштер туралы кітап жарық көреді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлерлік қоғам төрағасы Ғалым Құрман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Асыл мұра» деген бағдарламамыз бар. Соның биыл бірінші томы шықты. Онда мемориалды кешендер жарық көрді. Келесі жылы тарихи ескерткіштер шығады. Үшінші жылы бізде мәдени ескерткіштер бойынша үш томдық кәдімгі үлкен кітап шығады», - деді орталық басшысы.

Оның айтуынша, келесі жылдан бастап бұл бағдарлама бойынша қаржы игерудің тәсілдері өзгеруі мүмкін.

«Келесі жылы заңның аясында басым бағыттарды бекітеміз. Оны шешу жолдарын үкіметтік емес ұйымдардың өздері береді», - деді Ғалым Құрман.


Фото: pixy.org

Соңғы жаңалықтар