Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 23 °С
Алматы: 22 °С
USD 340.27 EUR 396.31
RUB 5.39 CNY 52.39
Жаңалықтар

Астықты сатып алу жұмысы толығымен электронды форматқа көшеді

2018 жылғы 3 қаңтар 17:25 1885
Бөлісіңіз:
Астықты сатып алу жұмысы толығымен электронды форматқа көшеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Электронды жүйе квоталарды әділ таратуға мүмкіндік береді. Ондайда әрбір шаруаның егістік көлемі спутник арқылы анықталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Ақпараттық тіркеу орталығы» АҚ-ына сілтеме жасап.

Бүгінде жерді ғарыштан бақылау жүйесі мультиспектралды суреттерді жасай алады. Аталған функцияның арқасында егістіктің нақты көлемін анықтауға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, мультиспектралды суреттерді жер кадастрындағы заңды және жеке тұлғалардың жеке мәліметтерімен салыстыру жоспарланған. Осының арқасында өз алқаптарын заңсыз жалға беріп отырғандардың әрекетін әшкерелеуге болады. Ал, ең бастысы, астықты сатып алу квотасын тарату шаралары әділ жүргізіледі. 

«Мәселен, бір фермердің иелігінде 500 гектар жер бар дейік. Соның 70 гектары - жайылым болса, 430 гектары - егістік жерлер. 380 гектарға бидай егілсе, электронды жүйе спутник арқылы соның бәрін көріп отырады. Ал әрбір гектардың өнімін Азық-түлік корпорациясы анықтайды. Оның көрсеткіші жалпы квота мен астықтың көлеміне байланысты. Шамамен бір гектардан 0,173 тонна болады. Сонда 380 гектарды 0,173 тоннаға көбейткенде 65,74 тонна шығады. Демек, фермердің орташа квотасы осы», -   дейді «Ақпараттық тіркеу орталығы» АҚ бас маманы Қайрат Сұлтанбеков.

Оның айтуынша, астықты электронды сатып алу шаралары minagro.kz порталы негізінде жүргізіледі. Осы жұмысқа Азық-түлік корпорациясы белсене атсалыспақ.


Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат