Астық және импортталатын тауарлардың сапасы жөнінде заңдар қабылдаудың мәні бар

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астық және импортталатын тауарлардың сапасы жөнінде заңдар қабылдаудың мәні бар.

Бұл туралы бүгін  Астанада «Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын ескере отырып, ұлттық құқықтық жүйені жаңғырту» тақырыбында өтіп жатқан конференцияда ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Астық еліміз үшін стратегиялық тауарлардың бірі. Біз астық экспортында алдыңғы қатардамыз. Сондықтан осыған байланысты астықты өсіру жағдайы, оны ішкі тұтыну және экспорттауда астық бойынша арнайы заң қабылдаудың мәні бар шығар», деді ол.

Еліміздің ішкі экономикалық, саяси мүдделеріне көмектесу үшін Заңдар мен келісімдерді қабылдау мәселесіне тоқталған М. Сәрсембаев, «кейбір көршілес елдерден сапасыздау тауарлар келіп жатады. Осыған орай импортталатын тауарлардың сапасы жөніндегі заңды қабылдау керектігін ұсынғым келеді», деді.

Соңғы жаңалықтар