«Астық туралы» заңды жаңа редакцияда әзірлеу тиімсіз – Үкімет басшысы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Астық туралы» заңды жаңа редакцияда әзірлеу тиімсіз. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі тәуелсіз сарапшылармен, бизнес, салалық қауымдастықтар мен одақтардың өкілдерімен бірқатар жұмыс отырыстарын өткізді. Олардың қорытындысы бойынша астық қабылдау кәсіпорындарының астықты кезек тәртібімен қабылдауын, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды кемсітуге әкелетін нормаларды алып тастауды көздейтін «Астық туралы» Заңға тиісті түзетулер әзірленді. Қолданыстағы заңнамаға осы түзетулерді енгізу Үкіметтің заң шығару қызметі аясында пысықталып жатқанын ескере отырып, «Астық туралы» заңды жаңа редакцияда әзірлеу тиімсіз деп санаймыз», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.


Соңғы жаңалықтар