Астық тасымалдауға арналған вагондардың құрылысы бойынша отандық өндірісті іске қосу керек - Премьер-Министр

None
None
;АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясының 2009 жылдың қорытындысы бойынша өткен алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов астық тасымалдауға арналған вагондардың өндірісі бойынша мәселені түбегейлі шешуді тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, мәжіліс барысында Премьер-Министр Қазақстан темір жолы мен ҚазАгро холдингіне бірлесе отандық кәсіпорындарда астық тасымалдауға арналған вагондарды шығару бойынша нақты ұсыныстарды тапсырды.

«Бұл мәселе ұлттық қауіпсіздікпен байланысты. Бізде әрқашан егін орағы науқаны кезінде аталған вагондар жетіспейді. Бұл мәселені түбегейлі шешіп, отандық өндірісті іске қосу қажет», деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар