Астық шаруашылығымен ылғал ресурстарын сақтау технологиялары негізінде айналысуымыз қажет - А.Күрішбаев

None
None
СТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Астық шаруашылығымен ылғал ресурстарын сақтау технологиялары негізінде айналысуымыз қажет. Бұл пікірді бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Ақылбек Күрішбаев білдірді.

Биыл астық шаруашылығында Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында қуаңшылықтың әсерінен көп егістік күйіп кеткендігін атап өткен А.Күрішбаевтың келтірген деректеріне қарағанда, соңғы 5 жылда Ақтөбе облысының Қостанай облысымен шектес Әйтеке би ауданында алынған орташа өнім гектарына 5 центнерді, ал Қостанай облысының Қамысты ауданында 8,5 центнерді, ал құмдауыт жерде қоныстанған Жангелді ауданында осы аралықтағы орташа көрсеткіш 6,5 центнерді құрап отыр. Демек осыған орай «өнім көлемі неге төмен» деген заңды сауалдың да туындайтыны шындық. Дәл осы мәселені сараптап өткен министрдің пайымдауынша, бұл тікелей ылғал ресурстарын сақтау технологиясына байланысты болып отыр.

«Қазіргі астық шаруашылығында ылғал ресурстарын сақтау технологиясымен қолынан іс келетін, шамасы бар, ірі шаруашылықтар ғана істейді. Енді сараптама жасап көрейік, Қостанай облысында 2 мың гектардан кем алқаптары бар шаруашылықтар 29 пайызды құрайды. Ал бұл Батыс Қазақстанда 51, Ақтөбе облысында 41 пайыз. Яғни, астық шаруашылығымен ылғал ресурстарын сақтау технологиялары негізінде айналысуымен керек. Олай болмаған жағдайда бұл екі облыс астық шаруашылығының болашағы жоқ. Тек қана астық шаруашылығы технологиялары болғанда ғана өнім алуға болады. Ал бұрыңғыдай «сұйық» істейтін болсақ, онда тек қана ауа-райына қарап отырамыз. Бұлай астық шаруашылығын дамыту мүмкін емес», деді министр өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар