Астық нарығын реттеуге бағытталған заң жобасы әзірлену үстінде - А. Мамытбеков

None
None
ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2012 жылдың заң жобалау жұмыстарына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеуде.

Бұл заң жобасы астық қабылдау кәсіпорындарының астық қорларын ұстаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды және астық қабылдау кәсіпорындарын лицензияау шарттарын айқындайды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенаты депутаттарымен кездесуі барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Министрдің айтуына қарағанда, аталған заң жобасы бойынша электрондық астық қолхаттары жүйесін енгізу де көзделеді. Бұдан бөлек, мемлекеттік астық ресурстарының астығын қалыптастыру және пайдалану, оның ішінде мал және құс шаруашылығы салаларының азық астығына қажеттіліктерді қамтамасыз ету тетіктері жетіле түсетін болады.

«Қазіргі таңда агроөнеркәсіп кешенін қолдаудың жаңа бағыттары әзірленуде. Оның ішінде бірқатар бағыттар заңнамалық деңгейде қолдауды талап етеді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға арналған лизингтік арзандату тетіктері қамтылуы шарт. Сонымен қоса, ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды кепілді түрде қамтамасыз ету, сондай-ақ егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін кредиттік қолжетімділікті заңнамалық қамтудың маңызы зор», - дейді министр.

Соңғы жаңалықтар