Астық экспортын 9 миллион 200 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бар - АШМ

None
None
АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Мемлекеттің аграрлық азық-түлік саясаты шикізат экспортынан тереңдетіліп өңделген өнімдердің экспортына ауысуды қарастырып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Республикасының жедел индустриялды-инновациялық дамуы жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР Ауыл шарушылығы вице-министрі Арман Евниев мәлім етті, 

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Басымдықты бәсекелестікке ие бидай мен одан өндірілетін өнімдер Қазақстанның экспорттық әлеуетінің қалыптасуының негізі болып табылады»,-деді ол.

Осы орайда вице-министр бүгінде Қазақстан астық экспорты бойынша алдыңғы орындарда келе жатқанын, сондай-ақ мемлекеттің аграрлық азық-түлік саясаты шикізат экспортынан тереңдетіліп өңделген өнімдердің экспортына ауысуды қарастырып отырғандығын жеткізді.

 «Алдағы уақытта астық экспортын 9 миллион 200 мың тоннаға дейін арттыру мүмкіндіктері бар»,-деді ол.

 Вице-министрдің айтуынша, республикада  жылына 296,6 мың тонна қауаттылығы бар 425 ет өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Оның 36-сы немесе 8,5 пайызы ірі кәсіпорындар. Отандық ет өндірісі сапа стандарттарына сәйкес келмей отырғандығына тоқталған ол, алайда осы бағыттағы тиісті жоспарды жүзеге асыруда ет өнімдерінің импортын қысқартып, сыртқы нарықтарға өндірілген ет өнімдерімен шығу және экспортты арттыру жоспарланып отырғандығын айтып өтті.

 А. Евниевтің сөзіне қарағанда, 2008 жылы «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниялары жоғары өнімді  6 тауарлы-сүт кешендерінің құрылысын бастады. Сонымен қатар осындай тағы да 9 ферманы іске қосу жоспарланып отыр. Осы орайда ол бұл фермалар әлі жеткіліксіз болатынын айтып өтті.

Сүт өнеркәсібі өндірісінің тиімділігі 10-15 пайызды құрайтынын жеткізген А. Евниев, «жоспарды жүзеге асыру барысында 2015 жылға қарай импортты 50 пайызға төмендете аламыз», деді.

Соңғы жаңалықтар