Астрономдар Жерді айналып өткен егіз астероидты суретке түсірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 мамыр күні астрономдар Жердің ту сыртынан 70 мың км/сағ жылдамдықпен өте шыққан егіз астероидты суретке түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Fox News-ке сілтеме жасап.

1999 KW4 - бірі негізгі, екіншісі шағын екі астероидтан тұрады. Кіші сыңары табиғи серігі сықылды үлкенін 2,6 км қашықтықта айналып жүреді. 26 мамыр күні астеорид Жерден 5,2 млн км қашықтықтан ұшып өтті.

Еуропа оңтүстік обсерваториясының ғалымдары егіз астероидтың орбитасы туралы біршама ақпараттар барын, ол Жер үшін ешқандай қауіп төндірмейтінін айтып сендірді.

Астероидты анықтау үшін ғалымдар VLT (Very Large Telescope) алып телескопын пайдаланған. Обсерваторияның астрономы Оливье Эноның сөзіне қарағанда, алынған деректер Жерге құлау қаупі бар астероидтардан қорғанудың тиімді стратегияларын әзірлеуге септігін тигізеді.

«Осы мәліметтер астероидтың Жер бетінде және атмосферасында қандай күйге енетінін болжау үшін аса маңызды», - деді ғалым.

Еуропа оңтүстік обсерваториясының өкілдерінің айтуынша, 1999 KW4 астероидының Didymos және оның серігі Didymoon астероидына ұқсас тұстары баршылық. Ғалымдар болашақта Didymos астероиды Жерге қауіп төндіруі мүмкін екенін айтады.

Соңғы жаңалықтар