+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Астрономдар комета фонындағы кішкентай Жерді түсіріп алды

2019 жылғы 29 қараша 08:28
Бөлісіңіз:
Астрономдар комета фонындағы кішкентай Жерді түсіріп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ, Коннетикуттегі Йель университетінің астрономдар командасы Гавай аралдарында Кек атындағы обсерваторияда 2I/Борисов кометасын суретке түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Все о космосе» сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сарапшы мұнай бағасына қатысты: Үкіметтің кешенді шаралары бар, үрей мен қорқынышқа негіз жоқ Қоғамның әралуандығы кедергі емес, ол басымдық ретінде қаралуы керек – сарапшы ҚР БҒМ: Аттестаттаудан өткен барлық санаттағы педагогтар қыркүйектен бастап үстемақы алады

Суретте кометаның құйрығының ұзындығы 160 000 шақырым екені көрініп тұр. Бұл Жердің диаметрінен 14 есе үлкен және біздің ғаламшарымыздан Айға дейінгі қашықтығы 40 проценттен асады, делінген хабарламада.

«Біз Жер мен кометаны бір суретке орналастырса, Жердің қаншалық кіп-кішкентай болатындығын көріп, таңғалдық», - деді Йель университетінің астрономия профессоры Питер ван Доккум өз мәлімдемесінде.

Аталған кометаны тамыз айының соңында әуесқой астроном Геннадий Борисов ашты. Нысанның жылдамдық талдамасы мен траекториясы оның Күн жүйесінің сыртынан келетінін көрсетіп отыр, яғни бұл 2017 жылдың қазан айында алғаш рет байқалған жұмбақ астероид Оумуамуадан кейінгі жұлдызаралық кеңістіктегі екінші «қонақ».

Борисов кометасының болашағы орасан. Ол қазірге дейін Күн жүйесінде жүр, ал оның орбитасының перигелийі (Күнге ең жақын нүктесі) 8 желтоқсанда болады деп күтілуде. Содан кейін үш апта өткен соң комета Жерге жақындамақ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ғылым,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT