Астрахандықтар Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге қатысады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы шекаралас Ресей Федерациясының Астрахан облысында да атап өтіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Мерекелік шаралар аумағының бір бөлігі Бөкей ордасының құрамына кірген Астрахан облысында да атап өтіледі. Бөкей ордасының негізін 19-шы ғасырдың басында Бөкей хан қалаған. Иелік еткен жерлерінің шекараларын кеңейте отырып, ол бес мың қазақ отбасымен бірге Еділ мен Жайықтың өзенаралық сағасына көшіп, ішкі немесе Бөкей хандығын құрған.

1830 жылы Бөкей хандығында 80 мың адам болған. Бөкей ханның есімі тарихта экономиканы дамытуға және екі мемлекет мәдениеттерін жақындатуға көп үлес қосқан саясаткер ретінде қалды. Астрахан облысында Бөкей хан кесенесі орналасқан, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралардың бір бөлігі сол жерде атап өтілмек», - деп ақпараттандырды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар