Астрахандағы Алтынжарда өткізілген Наурыз мерекесіне батысқазақстандықтар да қатысты

None
None
ОРАЛ. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Астрахан облысының Алтынжар ауылында өткізілген Наурыз мерекесіне Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының мәдениет қызметкерлері де қатысып қайтты.

Шарада Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырханов астрахандық ағайынды облыс әкімінің атынан құттықтап, сөз сөйледі. Мұнда киіз үйлер тігіліп, сахнада қазақ, орыс, түрік, украин, дағыстан т.б. түрлі ұлт өкілдері және «Атамекен» ансамблі өнерлерін көрсетіп, концерттік бағдарлама қойды.

Астрахан облысында қазақ мәдениетін сақтау бағытында көптеген жұмыстар жасалып жатқаны мәлім. Алтынжар ауылында Құрманғазының мемориалдық кешені асқақтап тұрса, өткен жылы Бөкей хан қайтқан жерге кесене орнатылды. «Жолдастық» ұлттық-мәдени орталығының ұйытқы болуымен жыл сайын Наурыз мейрамы, Абай, Мұхтар Әуезов, Дина Нұрпейісова сынды бірегей тұлғалардың шығармашылығына арналған кештер ұйымдастырылып келеді.

Соңғы жаңалықтар