Астрахан облысында қайық аударылып, үш бала суға кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астарахан облысындағы Бузан өзенінде балалар мінген қайық аударылып, үш бала суға батып кетті, деп хабарлайды РЕН ТВ телеарнасы.

Анықталғандай, Мазгар Асанов есімді адам қайықты ұрлап алып, оған жеті баланы мінгізіп алған. Жағадан 10-15 метр жер алыстағаннан кейін қайық аударылып, үш бала суға кеткен. Қалғандары жағаға өз беттерімен шыға алды. Оқиға болған уақытта ер адам есірткіге елітіп алған болуы мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды.

Қазіргі уақытта 15 жастағы қыз баланың денесі судан шығарылды. Тағы екі баланың мүрдесін болжам бойынша, су ағызып әкеткен.

Қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі, балалардың суда жүзу құралында қауіпсіздікті сақтамауы.

«Екі немесе одан көп адамды абайсызда өлтіріп алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Фото: ТАСС

Соңғы жаңалықтар