«Астрахан - Маңғыстау» су таратқышында апат болып, бірнеше ауыл сусыз қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Астрахан - Маңғыстау» су таратқышындағы апатқа байланысты сол маңдағы елдімекендерге су беру тоқтатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Магистральды су таратқыш» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Асқар Құлтумиевтің сөзіне сенсек, авария Атырау облысының аумағында, Құлсары ауданы орталығынан 20 шақырым жерде болған. Оқиға орнында 30 адам мен 20 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Апаттың басты себебі - су құбырларының тозуы. Бұл құбыр 1988 жылы салынған, содан бері әбден ескіріп, коррозияға ұшыраған. Екі метр су таратқыш істен шығып қалыпты.

Осыған байланысты Атырау және Маңғыстау облысының жақын маңдағы бірнеше елдімекені уақытша судан ажыратылған.

Еске сала кетейік, аталған су таратқыштың жалпы ұзындығы - 2 мың шақырым. Ресейдің Астрахан облысымен шекарадағы Қиғаш өзенінен су алынып, осы таратқыш арқылы ауылдарға жеткізілетін.


Соңғы жаңалықтар