Астраханьда орыс тіліне аударылған Абай өлеңдерінің жинағы таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Астрахань облысында қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың орыс тіліне аударылған өлеңдерінің жинағы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап.

"Домбра моя не ведает покоя" атты аудармалар жинағының авторы  Юрий Щербаков - қазақ ақындарының әдеби туындыларын аударумен бұрыннан айналысады. Ол «Ақ Торна» түркітілдес өлең-жырлар аудармаларының бірінші халықаралық байқауының, өзге де көптеген халықаралық және бүкілресейлік әдеми сыйлықтар мен байқаулардың лауреаты.

Іс-шараға Қазақстанның Астраханьдағы консулы Қанат Шекқалиев, қазақ диаспорасының өкілдері және астрахандық әдебиетсүйер қауым қатысты.

Қазақстандық дипломат аталмыш кітап ресейлік оқырманға ұлы Абайдың шығармашылығымен етене танысуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Абай әлемі - біздің жол сілтеушіміз. Ол бізге жолдан таймауды үйретеді. Ол бойынша басты міндеттерімізді айқындаймыз. Қазіргі заманның түйіткілді сұрақтарына ақын талай уақыт бұрын жауап беріп кеткен. Абай өмірдің мәні, жер бетіндегі тіршілігіміздің мақсаты, адамдар мен халықтар арасындағы достық туралы тереңінен және өте әділетті ой толғайды», - дейді Қанат Шекқалиев. 

Соңғы жаңалықтар