Астрахан ауданындағы тас жолдарды жөндеу жұмыстары қарқын алуда - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Астрахан ауданындағы тас жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен.

Жол жөндеу жұмыстары негізінен Астрахан селосы және Каменка-Қайнар жол учаскелерінде (Каменка, Камышенка селоларының маңы) қолға алынған. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 18 млн. 941 мың теңге қаржы бөлінді. Аталған жұмыстарды 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған.

Еске сала кетсек, өткен жыл да осы бағытта 17 миллион және қосымша 2,9 миллион теңге қаржы бөлініп, оған Астрахан және Жалтыр селосындағы көшелер мен жүргінші жолдары жөнделген болатын. Сонымен қатар аталған елді мекендерде қауіпсіз жол қозғалысымен қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 650 мың теңгеге 40-қа жуық жол белгілері орнатылды.

Қазіргі кезде Первомайское селосында жарықтандыру желісінің құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Соңғы жаңалықтар