Астрахан ауданында көлік жолдары жөнделуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Астрахан ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде автокөлік жолдары жөнделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген.

Жалпы, биылғы жылы Ақмола облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде 35 жоба жүзеге асырылып, 2000 жұмыс орнын ашу жоспарланған болатын. Оның 17-і он бірі ауылдық елді-мекендерде. 54 шақырым автокөлік жолын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Осы ретте, Астрахан ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде кең ауқымды жұмыстар қолға алынып отыр. Астрахан облыс аумағындағы «Ауыл – ел бесігі» жобасының пилоттық кезеңіне қатысқан үш ауданның бірі. Өткен жылы мұнда аталған жоба шеңберінде жалпы құны 803 миллион теңгені құрайтын 13 жоба жүзеге асырылыпты.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі таңда Астрахан кентіндегі Абылай хан көшесінің бойында суағарлар орнату жұмыстары аяқталған. Бұл көктемгі су тасқыны және жауын-шашын кезінде үйлер мен көшені су шәйіп кетуден сақтайтын болады. Сонымен бірге, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту бағытында Астрахан кентінде автокөлік жолдары жөнделді. Аудан орталығының орталық көшелері - Бейбітшілік, Мұхтар Әуезов және 9-шы Мамыр қөшелерінің бойына жаяулар жолы салынды. Абылай хан мен Әл Фараби көшелерінің қиылысы жаңартылды. Жеңістің 75 жылдығына орай, соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішіне жөндеу жүргізілді. Орталық алаңға тутұғыр орнатылды.

«Ауданымызда «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асырылып жатқандығы қуантады. Аудан мен ауылдардың жаңдануына және күрмеуі қиын мәселелерді шешуге бағытталған жоба шеңберінде қыруар іс тындырылды», - дейді әкімдіктегілер.


Соңғы жаңалықтар