Астананың жаңа вокзал перронына билеті бар жолаушылар ғана кіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 маусымда ашылатын Астанадағы жаңа теміржол вокзалының перронына билеті бар жолаушылар ғана кіргізіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

"Жолаушылар мен шығарып салушылардың және қала қонақтарының қауіпсіздігі үшін 16 тексеру бекеті қойылған, яғни вокзалға кірген адамдардың барлығы (ішінара - ред.) тексеруден өтуі мүмкін. Сондай-ақ, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін перронға кіруге шектеу қоямыз», - деп хабарлады теміржол вокзалы кешенінің директоры Дінмұхамед Құсайынов баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен бірге, ол соңғы үлгідегі «жасыл» технологияларға қатысты жаңалықтар туралы айтып берді. Мәселен, вокзал шатырына жиналған жаңбыр суы техникалық қажеттіліктерге немесе суару үшін пайдаланылады.

"Сондай-ақ вокзалда орнатылған заманауи ауа баптау жүйелері суық ауаны ғимараттың салқындатуды қажет ететін бөлігіне жеткізіп тұратын болады, онымен бірге, ғимараттың күн түсіп тұрған жылы бөлігіндегі ауаны суық бөлмелерге таратады. Осылайша, энергияны үнемдей аламыз», - деп түсіндірді Д.Құсайынов.

Одан бөлек, вокзал директорының айтуынша, жазғы маусымда ауаны салқындатып, қысқы уақытта жылыту үшін жердің тұрақты температурасын қолдану тәсілдері де қарастырылған.

 

Соңғы жаңалықтар