Астананың жаңа әкімі Жетісу жәрмеңкесінен алма сатып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов елордадағы Жетісу өңірінің ауылшаруашылық жәрмеңкесін аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың жаңа басшысымен жүздескен Астана тұрғындары осындай арзан жәрмеңкелерді көптеп ұйымдастыру қажеттігін жеткізді.

Әкімдер жеміс-жидек, көкөніс, ет, сүт өнімдері қойылған сөрелерді аралады және өнімдердің сапасы мен бағасын тексерді. Алматының танымал апортын көрген Бақыт Сұлтанов әмиянын шығарып, бір пакет алма сатып алды.
null     

Сондай-ақ, жәрмеңкеден көкөніс алып жүрген шенеуніктер арасында Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева да бар. Олар Б. Сұлтановты жаңа қызметімен құттықтады. Өз кезегінде жаңа әкім әріптестеріне сәттілік тіледі және жылы қоштасып, таксиге мініп кетті.
null 

Айта кетейік, Астанадағы «Қазақстан» спорт кешені жанында Алматы облысының ауылшаруашылық өнімдері арзан бағамен сатылуда. Жалпы көлемі 470 тоннадан асатын Жетісу өнімдері елордада екі күн бойы саудаланбақ. Ондағы тауарлар нарықтағы бағадан 10-25% дейін, кей өнімдер тіпті 33% дейін арзан сатылып жатыр.

null 

null null 

Соңғы жаңалықтар