Астананың жалпы өңірлік өнімі 5,2 трлн теңгеден асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы елорданың жалпы өңірлік өнім көлемі 5,2 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Ақпомбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, өткен жылы елорданың макроэкономикалық жағдайы тұрақты болды. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері де оң қарқынмен сипатталады. Астананың жалпы өңірлік өнімі 2021 жылы 5,2 трлн теңгені құрап, 2020 жылғы деңгейден 105,7 пайыз өсім көрсетті», -деді ол қалалық мәслихат отырысында.

Оның дерегінше, республикалық көлемдегі Нұр-Сұлтанның үлесі - 9,9 пайыз. Осы көрсеткішпен елорда Алматы мен Атырау облысынан кейінгі үшінші орында тұр.

«Жалпы өңірлік өнім құрылымында экономикалық қызметтің барлық дерлік түрінде өсім байқалады. Дегенмен, негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсімі аясында бүкіл тауарлар мен қызметтер бағасы артқаны да байқалды. Инфляция 8,8 пайыз болды», - деді Иманжүсіп Ақпомбаев.


Соңғы жаңалықтар