«Астананың» велошабандозы Вольта Альгарве додасының екінші кезеңінің жеңімпазы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Астана» командасының велошабандозы Луис-Леон Санчес (Luis Leon Sanchez) Вольта Альгарве-2016 екінші кезеңінің таудағы Альто-да-Фойя (Alto da Foia) додасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды velolive.com.

32 жастағы испандық шабандоз мәреде Sky командасының британдық спортшысы Герант Томас (Geraint Thomas) пен LottoNl-Jumbo командасының словениялық шабандозы Примож Рогличті (Primož Roglič) артта қалдырды.

Мәре сызығына дейін 10 шақырым қалғанда Зденек Штыбар (Etixx-Qiuck Step), одан кейін Роберт Гесинк (LottoNL-Jumbo), Диего Роса (Astana) және Нельсон Оливейра (Movistar) біріншілікке тартысты талас жүргізді. Соңғы шақырымда Луис-Леон Санчестің сәтті шабуылы оған жеңіс әкелді.
null null

Соңғы жаңалықтар