«Астананың» үздік шабуылшысы 1,5 млн еуро үшін клубтан кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Конголық футболшы Жуниор Кабананга «Астана» футбол клубымен ресми түрде қоштасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, африкалық футболшы Қазақстан астанасының клубына 2018 жылдың жаз айынан бастап жалға алу құқығымен келген болатын. Бұдан бөлек Жуниор Кабананга Сауд Арабиясының «Аль-Наср» (Риад) клубымен 2020 жылдың маусым айына дейін келісім жасасқан. Конго демократиялық республикасының ұлттық құрамасының шабуылшысы «Астанадан» шығарылды.

КПЛ-2019 турнирі аясында Кабананга 12 ойынға қатысып, 2 рет гол соқты. Қазіргі уақытта Transfermarkt бұл футболшыны 1,5 миллион еуроға бағалап отыр.

Соңғы жаңалықтар