Астананың «Түнгі соттары» күніне 27 істі қарайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Түнгі сот» ілкі жобасы аясында күніне 27 істі қарайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түнгі сот» пилоттық жобасы аясында аталмыш сотта маусым айының басынан бері көлік құралының зақымдануына әкеп соққан жол жүру ережесінің бұзылуына байланысты 382 материал қаралған. Сондай-ақ, жәбірленушілер тарапынан түнгі соттарға қатысқандардың саны 413 адамды құраған.

«Бүгінгі таңда «Түнгі сот» жобасы аясында орташа есеппен күніне 27 материал қаралып жатыр», - делінген Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының хабарламасында.

Жобаны бүгінгі таңда азаматтар, сақтандыру компаниялары мен әкімшілік полиция өкілдері қолдап отыр. Олардың айтуынша, «Түнгі сот» жол-көлік оқиғасына қатысушы тараптар үшін өте ыңғайлы. Себебі, бұл бір жағынан уақытты үнемдеуге, екіншіден тараптардың жауапкершілігі мәселесін тезірек шешуге мүмкіндік береді.   

Соңғы жаңалықтар