Астананың Триатлон саябағындағы жағажайда балық қырылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон саябағындағы өзен жағасында балық қырылды. Ол туралы қала тұрғыны мәлім етіп, әкімдік болған жайтқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Уылдырық шашу кезеңіне байланысты өзендегі балық саны едәуір өсті. Сол себептен өзен жағажайы аумағындағы торлы қоршауларға балықтар қыстырылып қалды. Қазіргі уақытта Триатлон саябағында қайта жөндеу жүргізіліп, балықтардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін басқа тор қойылды», - делінген елорданың Алматы ауданы әкімдігі берген жауапта.

Айта кетсек, астана тұрғыны әлеуметтік желіде Триатлон саябағындағы тормен қоршалған ашық жағажайда балықтардың қырылып жатқаны туралы жазған еді .

Еске сала кетейік, қала әкімдігі бұған дейін ботаникалық бақта қырылған балыққа қатысты жағдайды түсіндірді .

Қала тұрғындары балықтың жаппай қырылуына байланысты жергілікті биліктің шара қолдануын талап етті.


Соңғы жаңалықтар