Астананың тапқырлар театры аукцион арқылы сатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин тағы бірнеше мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынның аукцион арқылы сатылатынын жариялады. Оның айтуынша,ертең, қазанның 14-і күні «Астана» су полосы клубы мен «Ақмола диірмен» мекемесі ашық сауда-саттық арқылы саудаға салынады.

«Су полосы клубының бастапқы бағасы 39 млн. 851 мың теңгені құрап отыр. Ал «Ақмола диірмен» кәсіпорны 76 млн. 045 мың теңгемен аукционға шығарылады. Сондай-ақ біздің театрымыз - Астана қаласының тапқырлар театры - 8 млн. 275 мың теңгеге сатылады. Аталған аукциондар бойынша кепілдік жарнаның сомасы 15 пайызды құрайды», - деді А.Лукин бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, әкімнің орынбасары бұған дейін аукцион арқылы 200 мың теңгеге сатылып кеткен «Астана» көкпар клубы бойынша түсініктеме берді. Аталған клубпен бірге аукцион арқылы «Қайсар» спорт клубы, Омаров атындағы шахмат клубы мен «Астана батыры» жекпе-жектер клубы сатылған болатын. Себебі жыл сайын аталған нысандарға қалалық бюджеттен 500 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалып келді. Ол ақшаның басым бөлігі клубтарға қажетті инфрақұрылымды жалға алуға, сондай-ақ қызметкерлер штатын ұстауға кеткен.

«Одан да біз ол қыруар қаражатты әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсайық. Мәселен, 1-4 сынып оқушыларын тамақтандыру шараларына жіберуге болады», - дейді А.Лукин.

 

Соңғы жаңалықтар