Астананың сол жағалауындағы тұрғын үй кешенінде болған өрттен 25 адам құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың Есіл ауданы, «Камал-4» тұрғын үй кешенінде болған өрттен 25 адам, соның ішінде 10 бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«28 қаңтар күні 22:18-де Астананың Бұқар жырау көшесінде орналасқан «Камал-4» тұрғын үй кешенінің үшінші қабатында тұрмыстық заттар және балкон өртенген. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған», - делінген хабарламада.

Өрт 22:46-да ауыздықталып, 22:58-де толықтай сөндірілді. Тұрғындардың бір бөлігі қауіпсіз жерге өздері шыққан. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер 25 адамды, соның ішінде 10 баланы құтқарды. Медицина қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсетті, олардың саны анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Астана төтенше жағдайлар комитетінің 23 қызметкері және 5 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар