Астананың сол жағалауындағы өрттен 11 адам құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының сол жағалауындағы тұрғын үй кешені өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 қаңтарда сағат 17:05-де Астана қаласы Сығанақ көшесіндегі «Crown Plaza» тұрғын үй кешенінен өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт 4-қабаттағы 10 шаршы метрді шарпыған. Өрт сөндіру күштерімен 11 адам құтқарылды», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен.null

Хабарланып отырғандай, жалын 17:19-да ауыздықталып, 17:25-те сөндірілген. ТЖК деректері бойынша, зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.

Өрт орнына Астананың ТЖД өрт сөндіру қызметінің 17 қызметкері мен 4 арнайы техникасы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар